Президент Тоқаев Асқар Мырзахметовті қабылдады

0
1 014

Елбасы тапсырмаларының орындалу нәтижелері туралы есеп берді.


Президент Тоқаев Асқар Мырзахметовті қабылдады

Қазақстан Президенті Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовті қабылдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мемлекет басшысына өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы және Қазақстан халқына арналған қазіргі Жолдаудағы, сондай-ақ "Нұр Отан" партиясының XVIII съезі аясындағы Елбасы тапсырмаларының орындалу нәтижелері туралы есеп берді.

Қазақстан Президенті мемлекеттік бағдарламаларды уақтылы және тиімді жүзеге асырудың, сондай-ақ халыққа әлеуметтік тұрғыдан қолдау көрсету жөніндегі шараларды атқарудың маңыздылығын айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар нақты тапсырма берді.