Тоқаев: Оңтүстік өңірді ұлтымыздың "демографиялық алтын діңгегі" десек жарасады

0
1 309

Мемлекет басшысы ретіндегі Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың алғашқы сұхбатын республикалық "Егемен Қазақстан" және "Айқын" газеттеріне береді.


Тоқаев: Оңтүстік өңірді ұлтымыздың

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев оңтүстік өңірін қазақ ұлтының "демографиялық алтын діңгегі" деп атады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Президент Тоқаев республикалық басылымдарға берген алғашқы сұхбатында айтты.

"Түркістан – қазақ халқының ғана емес, күллі түркі жұртының қасиетті мекені. Түр­кістан – сан ғасырлық адамзат шежіре­сінің куәгері және өркениет жауһары.

Қарап отырсаңыз, халқымыздың арғы-бергі тарихында ел бастаған, қол бастаған тұлғаларымыз да аса жауапты сәттерде, күрделі саяси шешімдер қа­былдайтын уақыттарда Түркістанға тағзым ете барған. Тұңғыш Прези­дентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та осы киелі топыраққа жиі ат басын бұратынын білесіздер.

Меніңше, мұның бірінші себебі – халқымыз үшін аса қастерлі саналатын мекенге тәу ету және ата-баба аруа­ғына, аманатына деген құрмет болса, екінші себебі – Ұлы дала еліндегі кешегі, бүгінгі мемлекетшілдік дәс­түрге, эволюциялық даму сабақтас­тығына деген адалдықта жатыр. Мұндай сакральды ұғым-түсінік пен дәстүрге адалдық тек өркениетті, өсіп-жетілген ұлттың ғана қолынан келеді деп ойлаймын. Соның біздің заманымыздағы жарқын бір көрінісі – Елбасымыздың Түркістан облысын құрғаны. Өңірге киелі мекеннің атын бере отырып, Тұңғыш Президент та­рихи әділеттілікті қалпына келтірді, мем­лекеттің іргесін мығымдап, жалпыұлттық сәйкестік пен береке-бірлігімізді еселеп нығайтты.

Ендігі жерде мемлекет Жібек жолы бойында жатқан Түркістан қаласын, өңірін жаңартып-жаңғыртуды уақыт оздырмай қолға алуы керек. Өңірдегі инфрақұрылымды дамыту, туристік саланы жандандыру, өндірісті өркен­дету – осының бәрі хал­қымыздың әл-ауқатының барынша жақсаруына негіз болады.

Оның үстіне, оңтүстік өңір – еліміздегі тұрғындар саны ең көп аймақ. Осы өңірді ұлтымыздың «демографиялық алтын діңгегі» десек те жарасады. Ал адам капиталы біз сияқты жері кең, елі шағын мемлекет үшін аса өзекті фактор екені айтпаса да түсінікті.

Сапар барысында мен облыстың даму жоспарымен, жалпы жағдайымен мұқият таныстым. Алда атқарылатын шаруа бастан асады. Ол шаруалардың барлығын асықпай-аптықпай, жүйелі, кешенді түрде атқаруы­мыз өте маңызды", - деді ол сұхбат барысында қойылған сауалға берген жауабында.

Дереккөз: aikyn.kz