Президент жемқорларды мерзімінен бұрын босатуға тыйым салды

0
598

Заң жүзінде тыйым салуды тапсырды.


Президент жемқорларды мерзімінен бұрын босатуға тыйым салды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жемқорлық үшін сотталғандарды шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға заң жүзінде тыйым салуды тапсырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Президент бұл туралы twitter-де жазды.


"Жемқорлықпен күрес мәселелері жөніндегі кеңесте сыбайлас жемқорлық бойынша сотталғандарды шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға заң жүзінде тыйым салуды тапсырдым", - деп жазды мемлекет басшысы.