Президент Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық жоспар әзірленеді

0
557

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов айтты.


Президент Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық жоспар әзірленеді

ERNUR.KZ. Президент Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық жоспар әзірленеді, деп жазады inform.kz.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов айтты.

«Ұлттық экономика министрлігі Үкіметтің келесі, 6 қыркүйектегі отырысына Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық жоспардың жобасын енгізсін», - деді Әлихан Смайылов.

Премьер-Министр қоғамның сенімін ақтау үшін барынша жұдырықтай жұмылып жұмыс істеу керектігін баса айтты.

«Мемлекет басшысы атап көрсеткен реформаларды жүзеге асырудың тиімділігіне бірінші кезекте біздер жауаптымыз. Осыған байланысты Президент тапсырмаларын іске асыруға асқан жауапкершілікпен жедел кірісуді тапсырамын», - деді Үкімет басшысы.