Президенттік степендия 2023 жылы мыңнан астам студентке беріледі

0
745

Студенттерге арналған президенттік шәкіртақы мөлшері 73 320 теңге.


Президенттік степендия 2023 жылы мыңнан астам студентке беріледі

ERNUR.KZ. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі "Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылға арналған стипендиясын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары арасында бөлу туралы" бұйрық әзірледі, деп жазады zakon.kz.

Стипендиялар қазақстандық жоғары оқу орындары мен жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына бөлінеді.
Мәселен, басқа жоғары оқу орындарына қарағанда, бұл степендиямен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті көбірек қамтылған – 100. Сондай-ақ университеттің магистранттарына 2 степендия тағайындалған.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне 94 степендиядан бөлінген.
М. Әуезов атындағы Оңтүстiк Қазақстан университетiнің 60 студенті президенттік степендияға ие бола алады.
Ал А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетіне 55 степендия бөлінген.
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетiне 47, Халықаралық білім беру корпорациясына 35, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетіне 34 степендия бөлу көзделген.
Барлығы 55 жоғары оқу орнының студенттеріне 1005, магистранттарға 7 президенттік степендия тағайындалады.
Құжат 20 наурызға дейін талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланған.
Қазақстан Республикасы Президентінің шәкіртақысы 3 курстан бастап мемлекеттік тапсырыс негізінде де, ақылы негізде де тек "өте жақсы" оқитын күндізгі бөлімнің студенттеріне беріледі.
Стипендия мынандай санаттағы студенттерге беріледі:
  • республикалық және халықаралық олимпиадалардың, шығармашылық байқаулардың, спорттық байқаулардың, фестивальдердің жеңімпаздары немесе жаңалықтардың, өнертабыстардың авторлары;
  • ғылыми еңбектер жинақтарында, республикалық және халықаралық ғылыми журналдарда мақалалары жарияланған;
  • ғылыми-зерттеу жұмыстарымен белсенді айналысатын, жетістігі дипломдармен, мақтау қағаздарымен, сертификаттармен, куәліктермен расталған;
  • университеттің қоғамдық, мәдени және спорттық өміріне белсенді қатысатын студенттер.
Студенттерге арналған президенттік шәкіртақы мөлшері 73 320 теңге; магистранттарға – 173 974 теңге.