Президенттің 2020 жылдағы алғашқы жарлығы: Қазақстанда жаңа қала пайда болды

0
1 379

Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Президенттің 2020 жылдағы алғашқы жарлығы: Қазақстанда жаңа қала пайда болды

Мемлекет басшысының жарлығымен Қостанай облысындағы Затобол кенті Тобыл қаласы деп қайта аталады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент 2020 жылдағы алғашқы жарлығына қол қойды. Ол Қостанай облысы Қостанай ауданының Затобол кентін аудандық маңызы бар қалалар санатына жатқызу және оны қайта атауға қатысты.

"Қостанай облысы Қостанай ауданының Затобол кенті аудандық маңызы бар қалалар санатына жатқызылсын. Затобол кенті Тобыл қаласы болып қайта аталсын", - делінген жарлық мәтінінде.

Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.