Президенттің экс-кеңесшісі Ержан Бабақұмаров жаңа қызметке тағайындалды

0
1 049

Бұған дейін президенттің кеңесшісі қызметін атқарған.


Президенттің экс-кеңесшісі Ержан Бабақұмаров жаңа қызметке тағайындалды

ERNUR.KZ. Алматы қаласы әкімінің өкімімен ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Ержан Бабақұмаров қала әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп жазады Qamshy.kz.

Бабақұмаров Ержан Жалбақұлы 1969 жылы 2 наурызда Талдықорған облысында дүниеге келген. Саяси ғылымдарының кандидаты. Ол 1996 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. ПӘ ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды.

ҚР Президенті Әкімшілігінің ақпараттық-талдау орталығының меңгерушісі. ҚР премьер-министрі кеңсесі басшысының орынбасары, ҚР Президенті жанындағы ОКҚ директоры. Жауапты хатшы және мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметтерін атқарды. Соңғы жұмыс орны Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің талдау және болжау орталығының меңгерушісі қызметтерін атқарған.