Президенттің Парламенттегі өкілдігінің басшысы тағайындалды

0
993

Исабаев Бейбіт Өксікбайұлы - 4 желтоқсанда 1962 жылы Алматы облысында дүниеге келген.


Президенттің Парламенттегі өкілдігінің басшысы тағайындалды

Бейбіт Исабаев ҚР Президентінің Парламенттегі Өкілдігінің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Парламентіндегі Өкілдігінің басшысы қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды»,-делінген хабарламада.

Исабаев Бейбіт Өксікбайұлы - 4 желтоқсанда 1962 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Ұлты - қазақ.

Білімі: С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті (1985 ж.), ҚР СІМ Дипломатиялық академиясы (1999 ж.).

1985-1987 жылдары - Қазақ КСР Телевизиия және радиохабары мемлекеттік комитетінде редактор

1987-1991 жылдары - «Лениншіл жас» республикалық газетінде тілші, бөлім меңгерушісі

1991-1994 жылдары - «Өркен»- «Горизонт» газеті редакторының орынбасары, редакторы

1994 жылы - Қазақ мемлекеттік телевизиясының бас директоры

1994 жылы - Алматы қаласы әкімшілігінде әкімнің орынбасары

1994-1995 жылдары - Алматы қаласы әкімдігінің ішкі саясат комитетінің төрағасы

1995-1997 жылдары - Алматы қаласы әкімінің орынбасары

1997-1999 жылдары - ҚР СІМ Дипломатиялық академиясының тыңдаушысы

1999-2000 жылдары - ҚР СІМ Кадрлар және бақылау департаментінің директоры

2000-2002 жылдары - ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінде үкіметтік ақпарат бөлімінің меңгерушісі

2002 жылы - ҚР Сыртқы істер министрінің кеңесшісі

2002-2003 жылдары - ҚР СІМ ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі - ҚР-ның Орталық Азия ынтымақтастығы» ұйымының ұлттық үйлестірушісі

2003-2006 жылдары - ҚР-ның Пәкістан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі

2006-2008 жылдары - ҚР-ның Түрік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі; ҚР-ның Албания Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі міндетін қоса атқарушы

2008 жылы - ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі

2008-2009 жылдары - ҚР Президентінің баспасөз хатшысы

2009-2015 жылдары - ҚР-ның Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.

2015-бүгінгі күнге дейін - ҚР-ның Әзербайжан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.