Прокуратура қаңтар оқиғасы бойынша бұрынғы айыпталушылардан кешірім сұрады

0
518

Құқық қорғаушы "куәгер" мәртебесін алған қаза болғандар мен жараланғандар туралы сұрақтар шешілмей жатқанын атап өтті.


Прокуратура қаңтар оқиғасы бойынша бұрынғы айыпталушылардан кешірім сұрады

ERNUR.KZ. Прокуратура қаңтар оқиғасы бойынша бұрынғы айыпталушылардан кешірім сұрады, деп жазады stan.kz.

“2022 жылы болған Қаңтар оқиғалары бойынша жәбірленушілердің құқықтары мен бостандықтарын қалай қалпына келтіруге болатыны туралы жауап алу үшін Алматы қаласының прокуратурасына үш рет бардым. Жәбірленушілердің құқықтарын кім қалпына келтіреді және кім олардан кешірім сұрайды, прокуратура ма, әлде полиция ма деген сұраққа Алматы қаласы прокурорының орынбасары Нұрлан Ауғанбаев: Біз деп жауап берді. Ал бүгін біз кешірім сұраған алғашқы төрт жауапты алдық: Д.Ғ.Абдусатаровқа, М.Б.Есенғазыға, Б.Қ.Есмырзаевқа және Н.О.Қажғалиевқа”, – делінген жазбада.

Құқық қорғаушы "куәгер" мәртебесін алған қаза болғандар мен жараланғандар туралы сұрақтар шешілмей жатқанын атап өтті.