Прокуратура марқұмды жуындыру кезінде түсірілген видеоға қатысты мәлімдеме жасады

0
887

Бүгін марқұмның анасы прокуратураға Дулат Ағаділдің жуындыру рәсімін түсіріп, оны желіге жүктеген адамдарға шара қолдануды сұрап, өтінішпен жүгінген.


Прокуратура марқұмды жуындыру кезінде түсірілген видеоға қатысты мәлімдеме жасады

ERNUR.KZ. Марқұм Дулат Ағаділдің денесіне тексеру жүргізілгеннен кейін оның ағасы мен адвокаты шағым түсірген жоқ, деп мәлімдеді Нұр-Сұлтан прокурорының орынбасары Елдос Қилымжанов арнайы баспасөз мәслихатында, деп жазады zakon.kz.

Әлеуметтік желіде Ағаділдің мәйітін жуу рәсімі өткен жерінен түсірілген видео тарап, оған қатысты қолданылған қандай да бір зорлық-зомбылықтар туралы айтылады. Бірден айта кетейін, бұл адами этика мен моральға мүлде қайшы. Бастысы, мұнда видеоға түсіру мен оны тарату туыстарының келісімінсіз жүргізілген, - деді Қилымжанов.

Ол видеода көрсетілген денедегі дақтарға да тоқталды. Адам қайтыс болған соң денеде дақтар болады, бұл биологиялық өлімнің белгісі және жүрек қызметі тоқтағаннан кейін пайда болады.

Тергеу істі объективті және жедел жүргізуге барын салып жатқанын атап өткім келеді. Оған сарапшылар тартылды, фото және видео түсірілім қолданылады. Енді сараптамалық зерттеудің ресми қорытындыларын күту керек. Біз азаматтарды асығыс тұжырымдардан аулақ болуға және жалған ақпарат таратпауға шақырамыз, - деді қала прокурорының орынбасары.

Оның айтуынша, бүгін марқұмның анасы прокуратураға Дулат Ағаділдің жуындыру рәсімін түсіріп, оны желіге жүктеген адамдарға шара қолдануды сұрап, өтінішпен жүгінген.

Ол қоғам белсендісін ұстау сот шешімі негізінде жүргізілгені еске салды. Белгіленген тәртіп бойынша Ағаділдің денесі Талапкер ауылындағы емхананың медициналық қызметкерлері тексерді, одан зорлық-зомбылыққа тән дене жарақаттары табылған жоқ.

Сонымен қатар, құзырлы органы басшысының орынбасары сот медициналық сараптамасына марқұмның адвокаты ұсынған осы саладағы сарапшылар тартылғанын, олардың мемлекеттік сот-сараптама қызметінің қызметкерлері емес екенін де атап өтті.

Келесі күні мәйіт адвокат пен Ағаділдің ағасы және екі медициналық маманның қатысуымен қаралды. Мәйітті зерттеу нәтижелері бойынша, марқұмның ағасы және адвокат Азанов ешқандай талап-арыз қойған жоқ. Этикалық себептермен жариялай алмайтын видеода социопия мен зерттеу жүргізілді, - деп атап өтті Қилымжанов.

Ол бұған дейін өлімнің себебі жедел жүрек-қантамыр жеткіліксіздігі болғаны хабарланғанын еске салды.

Сот-медициналық сараптаманың қорытындысы зертханалық зерттеулердің нәтижелері бойынша мүмкіндігінше тезірек ұсынылады, - деп сөзін қорытындылады қалалық прокуратура басшысының орынбасары.

Азаматтық белсенді Дулат Ағаділдің Нұр-Сұлтан қалалық тергеу изоляторында қайтыс болуы туралы ақпарат 25 ақпанда пайда болды. Кейіннен Нұр-Сұлтан полициясы басқармасында сотқа дейінгі тергеу қолға алынды деп хабарланды. Сол күні барлық жағдайларды объективті зерттеу үшін қылмыстық іс Нұр-Сұлтан қалалық прокуратурасының арнайы прокурорларының қарауына жіберілді.

26 ақпанда марқұмның отбасы жалдаған адвокаттың өтініші бойынша мәйіт тексеріліп, қаралды. Мамандар өлімнің себебі жедел жүрек-қантамыр жеткіліксіздігі екенін анықтады. Зорлық-зомбылыққа тән дене жарақаты табылған жоқ деп хабарланды.

26 ақпанда барлық жағдайларды тергеудің объективтілігін қамтамасыз ету үшін қылмыстық іс қаланың арнайы прокуратурорларының өндірісіне жолданды, барлық қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.

Сонымен қатар, ҚР ІІМ Тергеу басқармасының бастығы Санжар Әділов активистің тергеу изоляторында ұсталуы мен өлімінің кейбір жайттарын айтты. Оның айтуынша, Ағаділді Ақмола облысының Целиноград аудандық полиция қызметкерлері ұстаған. 11 ақпанда Целиноград соты Ағаділді сырттай қамауға алуға рұқсат берді, өйткені марқұм бұрын тергеушілердің қоңырауларына жауап бермеген.

Сондай-ақ, ол сот-медициналық сараптаманың толық қорытындысы 25-30 күнде дайын болатынын айтып, марқұмның денесіндегі жарақаттар туралы ақпаратты жоққа шығарды.