Прокуратура органдары бюллетеньдерді заңсыз беру бойынша 11 іс қозғады

0
1 337

Қызылордада сайлау комитетінің мүшесі сайлаушыға бірден бес бюллетень бергені анықталды.


Прокуратура органдары бюллетеньдерді заңсыз беру бойынша 11 іс қозғады

ERNUR.KZ. Прокуратура органдары сайлаушылардың қолына біреуден артық бюллетеньдерді заңсыз беру бойынша 11 іс қозғаған, деп жазады elitar.kz.

"Барлығы 11 азаматқа берілген, бұл прокуратура белгілеген фактілер, олар істі қозғайды, жалпы 29 дана дауыс беруге арналған бюллетеньдер заңсыз табыс етілген. Яғни, бір сайлаушыға сайлау комиссиясының мүшесі екіден беске дейін бюллетеньді берген. Сайлау комитетінің мүшесі Қызылордада сайлаушыға бірден бес бюллетень берген, — деді Сәбила Мұстафина дүйсенбі күні журналистерге.

"Бұл Қызылордада болған, комиссия мүшесі шынымен 5 бюллетень берген. Қазір бұл факт тексерілуде. Учаскелік сайлау комиссиясының мүшесіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс қозғалды", — деп толықтырды ол.

ОСК хатшысының мәліметіне қарағанда, аймақтар бойынша осындай фактілердің ең көп саны Түркістан облысында тіркеліп, төрт іс, Алматы мен Атырау облысында екі іс, Алматы, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында бір іс қозғалған.

"Біз соттың заң бұзушылықтарға жол берген ОСК мүшесі немесе азаматты қандай фактілер бойынша және қандай әкімшілік жауапкершілікке тартқанын анықтап, айтамыз", - деп сендірді Сабила Мұстафина.