Пышақ ұстаған бірінші курс студенті жатақханада қыздардың бөлмесіне кірмекші болды

0
1 056

Жас жігіт есікті қағып, аяғымен тепкен.


Пышақ ұстаған бірінші курс студенті жатақханада қыздардың бөлмесіне кірмекші болды

ERNUR.KZ. Ақтөбеде қолына пышақ ұстаған бірінші курс студенті жатақханада қыздардың бөлмесіне кірмекші болған. Бұл қылығы үшін ол университеттен шеттетілді деп жазады, sn.kz.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің жатақханасында түнгі уақытта шу болды. Студент жігіттер көрші бөлмедегі қыздардың мазасын қашырған. Олар бірнеше рет ескерту жасағанымен, тыңдамапты. Түннің бір уақытында бірінші курс студенті Ақжол Ж пышақпен қыздардың бөлмесіне кірмекші болған.

Ол құлап қалған уақытта іштегі қыздар есікті кілттеп үлгереді. Алайда, оған қарамастан жас жігіт есікті қағып, аяғымен тепкен.

Студент бұл әрекеті үшін университеттен шеттетілген. Кейіннен ол ата-анасымен бірге өзін қайта оқуға алы туралы сотқа шағым түсіреді. Өйткені оны оқудан шығарарда университет басшылығы жетістіктерін назарға алмаған екен.

Ал бірге тұратын достары студенттің пышақты әдейі алмағанын алға тартты. Бірақ көрші бөлмедегі қыздар өздерінің өмірлерінің қауіпсіздігі үшін қорқатындарын жеткізген.

Сот арыз берушінің талабын қанағаттандырмады.