Пышақ ұстаған елордалық дәріхананы тонап кетті (видео)

0
1 187

23 жастағы фармацевтің тамағына пышақ тақаған.


Пышақ ұстаған елордалық дәріхананы тонап кетті (видео)

фото: кадрдан скринделген

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда ер адамның дәріхананы тонаған сәті видеоға түсіп қалды, деп жазады Tengrinews.kz.

"Сағат 22.30-да 102 арнасына қарақшылық шабуыл дерегі бойынша хабарлама түсті. Қоңырау шалушы белгісіз біреу пышақпен қорқытып, Момышұлы даңғылындағы дәріхана кассасынан 30 мың теңге ұрлап кеткенін айтты. Күдіктіні ұстауға полицияның жеке құрамы бағытталды", - деді Нұр-Сұлтан полициясының баспасөз қызметіндегілер.

Тергеу барысында кешкі сағат 10:00 шамасында дәріханаға медициналық маска таққан белгісіз ер адам келіп, дәрі-дәрмек бар-жоғын сұрағаны анықталды.

"23 жастағы фармацевт дәріні алуға барған кезде, ер адам артынан келіп, мойнына пышақ тақап қорқытып, кассадан ақша алып кеткен. Ақшаны алған күдікті қайда қашқаны белгісіз. Жедел уәкілдер куәгерлерді анықтап, камерадан дәріханадан жүгіріп шыққан ер адамға назар аударды. Бейнебақылау камераларындағы күдіктінің белгілері бойынша қылмыскер жасырынып қалуы мүмкін аудан мен көшелер тексерілді. Полицейлер күдікті жарысынуы мүмкін деген барлық жатақхананы, ТЖО және басқа да орындарды тексерді. Компьютерлік клубтардың бірін тексеру кезінде күдіктіге ұқсас 26 жастағы жігіт ұсталды", - деді елордалық полиция өкілі.

Тексеру кезінде оның қалтасынан пышақ пен ақша табылды. Ер адам жасаған қылмысын мойындады. Дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті УҰИ-ға қамауға алынды.

"Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу шарасының бір күндегі қорытындысы бойынша елорда аумағында 25 қылмыс тіркелген, оның ішінде 18 қылмыс ашылды. Сондай-ақ, бұрын жасалған 12 қылмыс ашылды, іздеуде болған төрт қылмыскер ұсталды. Ішкі істер органдарында профилактикалық есепте тұрған 480 тұлға тексерілді.