Qazaq Oil мұнай базасындағы жұмысшының өлімі видеоға түсіп қалды

0
341

Алдын ала мәліметтер бойынша, зардап шегуі мүмкін екінші адам іздестіріліп жатыр.


Qazaq Oil мұнай базасындағы жұмысшының өлімі видеоға түсіп қалды

ERNUR.KZ. 16 ақпанда таңғы сағат 10:50 шамасында Көкшетаудағы Qazaq Oil аумағындағы екі құйма эстакадасы жанып кетті, деп жазады tengrinews.kz.

Өрт болған жерде жұмысшының денесі табылды. Марқұмның жеке басы анықталып жатыр, өрттің себебі де анықталады.

Трагедия орнынан видеоны Petrocouncil.kz Telegram-арнасы жариялады.

Өрттің ауданы 35 шаршы метр болған. Өрт сағат 11:05-те ауыздықталып, сағат 11:25-те сөндірілген.

Алдын ала мәліметтер бойынша, зардап шегуі мүмкін екінші адам іздестіріліп жатыр.