"Qazsport" телеарнасына жаңа басшы келді

0
1 391

Арнаның бұрынғы директоры "Qazsport" телеарнасының контент өндірісі және шығармашылық жобаларымен айналысатын болады.


ERNUR.KZ. "Qazsport" арнасының директоры қызметіне Нағи Бақытбеков тағайындалды, деп жазады sputniknews.kz.


"Қазақстан" РТРК" АҚ басқарма төрайымы Ләззат Танысбай ұжымға жаңа басшыны таныстырып, Нағи Бақытбековтың тағайындалуы арнаның қызметіне жаңа серпін беріп, одан әрі дамуына ықпал ететініне сенім білдірді", - делінген ақпаратта.


Нағи Бақытбеков 1987 жылы дүниеге келген. Бұған дейін "KazFootball" ақпараттық футбол порталының директоры, кейінгі үш жылда Қазақстан футбол федерациясы маркетинг және PR департаментінің директоры қызметін атқарған.

"Qazsport" арнасы спорт жанкүйерлерінің сұранысына сай ішкі чемпионаттар мен халықаралық беделді бәсекелерден хабар таратып қана қоймай, жас жеткіншектерді спортқа баулып, қазақстандықтардың салауатты өмір салтын қалыптастыру ісіне атсалысуы тиіс", - деді Танысбай.
Сондай-ақ, басқарма төрайымы осыған дейін арнаны 5 жылдан аса басқарған Павел Цыбулиннің отандық спорт журналистикасының дамуына қосқан үлесі мен сіңірген еңбегін атап, алғыс білдірді.

"Павел Цыбулин тәжірибелі маман ретінде аутсорсинг компанияда "Qazsport" телеарнасының контент өндірісі және шығармашылық жобаларымен айналысады", - деді ол.

"Qazsport" – Қазақстандағы тұңғыш әрі жалғыз спорт телеарнасы. Арна 2013 жылдың 1 шілдесінен бастап эфирге шыға бастады.