QazVac вакцинасын жасаушылар 18 млн теңгені қайырымдылыққа жұмсады

0
624

ҒЗИ ұжымы қаржыны өз мақсаттары үшін емес, қайырымдылық жасауға бағыттау туралы шешім қабылдады. Бұл қаражатқа олар Отар ауылының баспанаға мұқтаж тұрғындары үшін үйлер сатып алды.


QazVac вакцинасын жасаушылар 18 млн теңгені қайырымдылыққа жұмсады

ERNUR.KZ. Коронавирусқа қарсы QazVac қазақстандық препаратын жасап шығарған ғалымдар Әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйақыны қайырымдылыққа бағыттады, деп жазады Ulysmedia.kz.

ҒЗИ ұжымы қаржыны өз мақсаттары үшін емес, қайырымдылық жасауға бағыттау туралы шешім қабылдап отыр. Бұл қаражатқа олар Отар ауылының баспанаға мұқтаж тұрғындары үшін үйлер сатып алды.

«Біз адамдардың жеке бас пайдасы үшін емес, жай ғана өзгеге қуаныш сыйлау мақсатында жақсылық жасайтын жомарттықтың бар екеніне сенгенін қалаймыз. Бұл сондай-ақ жоғары азаматтық борыш пен өзара жәрдемдесуді сезінуді білдіреді», – дейді отандық QazVaс вакцинасын әзірлеушілер.

Осылайша Қордай ауданының қоғам қайраткерлерінің, ақсақалдары мен басшылығының қатысуымен көпбалалы отбасы мен мүгедектер отбасына баспана кілттері табыс етілді.

2021 жылғы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлық биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының ғалымдарына, «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету: озық ғылыми технологиялар және өндіріс» тақырыбындағы жұмыстар циклі үшін биология ғылымдарының докторы, профессор, Жаратылыстану ғылымдары академиясының толық мүшесі Күнсұлу Закарья бас директор болып табылатын авторлық ұжымға берілгені аян. Сыйақы мөлшері – 18 млн 600 мың теңге.

Авторлық ұжым құрамы: бас директордың ғылым және коммерцияландыру жөніндегі орынбасары, ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Ерғали Орынбасарұлы Әбдірайымов; бас директордың өндірістік қызмет жөніндегі орынбасары, ветеринария ғылымдарының кандидаты, профессор Мархабат Мелісбекұлы Қасенов; зертхана меңгерушісі, ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Лесбек Бекболатұлы Құтымбетов; зертхана меңгерушісі, ветеринария ғылымдарының кандидаты, профессор, Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі Мұхит Бармақұлы Орынбаев; зертхана меңгерушісі, биология ғылымдарының кандидаты, профессор Күләйсан Тұрлыбайқызы Сұлтанқұлова; бас ғылыми қызметкер, ветеринария ғылымдарының кандидаты, профессор Берік Мұхитұлы Хайруллин.