Рамазан айында берілетін пітір-садақаның көлемі 300 теңге

0
1 458

300 теңге - пітір садақаның ең төменгі мөлшері


Рамазан айында берілетін пітір-садақаның көлемі 300 теңге

ERNUR.KZ. Биылғы Рамазан айында берілетін пітір-садақаның көлемі белгілі болды. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы мəлімдеді, деп жазады 24.kz.

«Пітір-садақаның көлемі - 300 теңге. Бұл - пітір садақаның ең төменгі мөлшері. Бұл мөлшерден асырып, көбірек беруге де болады», - деді, Ағабек Қонарбайұлы.

Айта кетейік, биыл Рамазан айы 6 мамырда басталады, ал барша мұсылман қауым үшін қасиетті Қадір түні 31 мамырдан 1 маусымға қараған түні болады делінген.