Red Bull компаниясының негізін қалаушы өмірден озды

0
2 986

Ол ауыр дерттен көз жұмды, деп хабарлайды CNN.


Red Bull компаниясының негізін қалаушы өмірден озды

ERNUR.KZ. Red Bull энергетикалық сусындар компаниясының қожайыны және негізін қалаушы Дитрих Матешиц 78 жасында өмірден өтті, деп жазады inbusiness.kz.

Компанияның мәліметінше, Дитрих Матешиц 1987 жылдан бастап Аустрияда сусын сата бастаған. Ол Red Bull сусынының негізгі өнімінен бөлек, экстремалды спорт түрлерін насихаттаумен танымал болған. Сондай-ақ оның компаниясы "Формула-1" жарысының 2 командасына демеушілік жасайды.

"Ол – білікті кәсіпкер және біздің спортты өзгертуге көмектескен тұлға. Бұдан бөлек, бүкіл әлемге танымал Red Bull брендін жасаған адам", – деп атап өтті "Формула-1" бас директоры Стефано Доменикали.