Ресей Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберді

0
556

Гуманитарлық көмек коронавируспен бірлесе күресу жөніндегі келісім аясында жіберіліп отыр.


Ресей Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберді

Ресей Қазақстанға медициналық бетперде, қорғаныс костюмдері мен қажетті препараттарды гуманитарлық көмек ретінде жіберді, деп хабарлайды ERNUR.KZ Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


«Көрші елдің төтенше жағдайлар министрлігінің арнайы борты астанаға 8 шілде күні жетті» делінген хабарламада.

Гуманитарлық көмек ретінде медициналық бетперде, қорғаныс костюмдері мен қажетті препараттар жеткізілді. Алдағы уақытта Ресейден тағы бірнеше рейс келеді.

Көрші елден гуманитарлық көмек коронавируспен бірлесе күресу жөніндегі келісім аясында жіберіліп отыр.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі қолдау көрсеткені үшін Ресей үкіметіне алғыс білдірді.