Ресей Қазақстаннан бірқатар өнімді жеткізуге шектеу қойды

0
836

Бұған дейін Қазақстан да бірқатар ресейлік өнімге тыйым салған болатын.


Ресей Қазақстаннан бірқатар өнімді жеткізуге шектеу қойды

ERNUR.KZ. Россельхознадзор 15 шілдеден бастап Қазақстанның 5 кәсіпорнынан өнім тасымалдауды шектеді, деп жазады inbusiness.kz.

Баспасөз қызметінің хабарламасында көрсетілгендей, Өскемендегі құс фабрикасының өнімінен тетрациклин тобына жататын антибиотик табылған. Сондай-ақ, ресейлік бақылаушылардың назарына «ADM Investment» ЖШС мен «Ордабасы-Құс», «Парижская коммуна ХХI», «Kazakh Osseter» ЖШС өнімдері де іліккен.

Россельхознадзор бұл компаниялар өнімдерінің сапа талабына сай болмауы алғаш рет байқалса, онда тыйым салынбайтынын, тек кәсіпорыннның өнімі қатаң лабороторялық бақылауға алынатынын жазған. Дегенмен, Қазақстанның АШМ ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті ресейлік азық-түлік өнімдеріндегі сәйкессіздіктерді алғаш анықтаған кезінде-ақ, оларды жеткізуге тыйым салған.

«Бұл Еуразиялық экономикалық комиссияның 2014 жылғы 9 қазандағы шешімімен бекітілген ветеринариялық-санитариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарлардың (өнімдердің) объектілерін тексеру және сынақтан өткізу туралы ережесіне тікелей қарама-қайшы келеді», – делінген хабарламада.

Сонымен бірге ҚР АШМ комитеті анықталған бұзушылықтар туралы тергеу жүргізуі үшін Россельхознадзорға қажетті материалдарды жеткізбеген. Россельхознадзор қазақстандық әріптестері тарапынан өтініштеріне жауап қайтарылмағанын алға тартады, оның ішінде ресейлік кәсіпорындарға шектеулерді алуға байланысты да мәселе көтерілген.

«Бүгінгі таңда Қазақстанның бірқатар ресейлік кәсіпорындардан өнім жеткізуге қойылған уақытша шектеуі алынып тасталмаған»,– делінген хабарламада.