Ресей коронавирус диагностикасына арналған тест-жүйелерді Қазақстанға берді

0
890

Қазақстан Тәуелсіз мемлекеттер достастығының басқа елдерімен бірге Ресейде әзірленген "коронавирусты анықтайтын заттарды" алды.


Ресей коронавирус диагностикасына арналған тест-жүйелерді Қазақстанға берді

ERNUR.KZ. Ресейлік ғалымдар әзірлеген "2019-nCoV жаңа коронавирусының зертханалық диагностикасына арналған заттар" Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) пен ТМД елдеріне берілді, деп жазады sputniknews.kz.

"2020 жылдың 1 және 2 ақпанында 2019-nCoV вирусын анықтауға арналған ресейлік тест-жүйелердің қажетті мөлшері Армения, Беларусь, Қазақстан мен Өзбекстан республикаларына берілді. Бұған қоса, Қырғызстан мен Тәжікстанға жеткізу жоспарланып отыр", - делінген Ресейдің тұтынушылық қадағалау қызметінің сайтында.
Олар серіктес елдерге тегін таратылды, делінген ақпаратта.
Тест-жүйелер "Вектор" мемлекеттік вирусология және биотехнологиялар ғылыми орталығының базасында әзірленген.