Ресей мектебінде қазақ тілін оқытатын сынып ашылды

0
1 010

Ендігі жоспар – дәл осындай қазақ тілі сыныбын Ишим қаласынан ашу.


Ресей мектебінде қазақ тілін оқытатын сынып ашылды

ERNUR.KZ. Түмен облысында осымен үшінші қазақ тілі сыныбы ашылды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Бүгін Голышманово ауылындағы №4 орта мектеп базасында облыстағы кезекті үшінші қазақ тілі сыныбы ашылды. Сыныптың ашылуына орай концерт ұйымдастырылып, шашу шашылды, мерекелік дастархан жайылды. Түмен облысы қазақтары ұлттық-мәдени автономиясының бұл бастамасына Голышманово қалалық округінің басшысы Александр Ледаков қолдады. Қазақ тілінің алғашқы сабағына 40 оқушы, сондай-ақ ата-аналар, аталар мен әжелер келіп қатысты. Сыныпқа адам жинау әлі жалғасып жатыр. Ауылдарда қазақ тілін үйренгісі келетіндер баршылық», дейді Түмен облысы қазақтарының ұлттық-мәдени автономиясының президенті Есенғали Ибраев.

Голышманово қазақтары ұлттық салт-дәстүр мен мәдениетті қадір тұтады, ұстанады. Көп жылдар бұрын дәл осы жерде Түмен облысы қазақтарының алғашқы құрылтайы өткен.

«Бүгінде біздің автономияның жергілікті бөлімшесін Дүйсенбай аға Бекқожинов басқарады. Олар ұлттық-мәдени жобаларды белсене жүзеге асырып жүр. Жергілікті оқушыларға қазақ тілін үйренуде сәттілік тілеймін», - дейді Түмен облысы қазақтары ұлттық-мәдени автономиясының басшысы.


Ендігі жоспар – дәл осындай қазақ тілі сыныбын Ишим қаласынан ашу.