Ресей мен Қазақстан вице-премьерлері екі ел арасындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

0
758

Тараптар екі ел арасындағы өзара іс-қимылдың барлық бағыты бойынша сындарлы диалогты жалғастыруға дайын екендіктерін растады.


Ресей мен Қазақстан вице-премьерлері екі ел арасындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

ERNUR.KZ. Мәскеуде Ресей премьер-министрінің орынбасары Алексей Оверчук пен Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің қызметтік кездесуі өтті, деп жазады sputnik.kz.

Келіссөз барысында екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ екіжақты өзара әрекеттестіктің перспективалық бағыттары қарастырылды, деп хабарлайды Ресейдің Қазақстандағы елшілігі.
Тараптар көлік-логистикалық байланыстарды, өнеркәсіпті, отын-энергетика кешенін, сондай-ақ Каспий бассейнінің экологиялық мәселелерін дамытудағы ынтымақтастықты кеңейтудің басым міндеттеріне ерекше назар аударды.
Тараптар екі ел арасындағы өзара іс-қимылдың барлық бағыты бойынша сындарлы диалогты жалғастыруға дайын екендіктерін растады.