Ресей нарығынан кеткен 67 компания кеңсесін Қазақстанға көшіруге рұқсат берді

0
317

Бүгінгі таңға дейін 25 компания көшіру жұмыстарын толығымен аяқтап үлгерген, олардың басым бөлігі 38 мемлекеттің ірі компаниялары екен.


Ресей нарығынан кеткен 67 компания кеңсесін Қазақстанға көшіруге рұқсат берді

ERNUR.KZ. Ресей нарығынан кеткен 67 шетелдік компания өз өндірістері мен кеңселерін Қазақстанға көшіруге келісім берген, деп жазады stan.kz.

Бүгінгі таңға дейін 25 компания көшіру жұмыстарын толығымен аяқтап үлгерген, олардың басым бөлігі 38 мемлекеттің ірі компаниялары екен. Сонымен қатар Германия, АҚШ, Швейцария және Жапония сияқты алпауыт елдердің кәсіпкерлері кәсіптерін Қазақстанда жалғастыруға дайын. Мәселен, электрондық басқару және автоматтандыру жүйелерін шығаратын америкалық Honeywel компаниясы Алматыда шағын өндіріс орнын ашты. Сонымен қатар танымал TikTok платформасы өз кеңсесін біздің елге көшірді.

Қазақстанға келгісі келетіндердің қатарында такси қызметін ұсынатын Индрайвер, темір рудасын өндірумен айналысатын австралиялық Fortescue тау-кен компаниясы, Францияның ірі машина жасайтін компаниясы Alstom бар. Бұдан бөлек Ozon интернет дүкені Астанада логистикалық парк ашуды жоспарлап отыр. Қазір Қазақстан тарапы барлығы 401 компанияға шақырту жолдаған. Олар Ресейге салынған санкциялардан кейін Қазақстанға көше бастаған.