Ресей президенті Омбы әуежайында Тоқаевты өзі шығарып салды – видео

0
884

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Ресей арасындағы XVI өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысу үшін Омбыға барған болатын.


Ресей президенті Омбы әуежайында Тоқаевты өзі шығарып салды – видео

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты Омбы әуежайына дейін келіп, әріптесін өзі арнайы шығарып салды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды.

"Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастық Форумы іскерлік бағытта өткенімен, кездесулерде достық ниет айқын көрініп тұрды. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев пен Владимир Владимирович Путиннің келіссөздері, форумның жалпы отырысы сындарлы әрі салиқалы сипатта өтті. Екі елдің көшбасшылары талқыланған барлық мәселелер бойынша бір пікірде болды, ортақ шешімге келді. Ресей президенті Владимир Путиннің Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа ерекше құрметі мен ілтипаты оның Омбы әуежайына дейін келіп, әріптесін өзі арнайы шығарып салғанынан анық байқалды, - деп жазды Берік Уәли.

Естеріңізге сала кетейік, мемлекет басшысы Қазақстан мен Ресей арасындағы XVI өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысу үшін Омбыға барған болатын.