Ресей президенті Тоқаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтады

0
441

Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің құттықтау жеделхаты келіп түсті.


Ресей президенті Тоқаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Ресей президенті Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстандағы кезектен тыс президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Сіз отандастырыңыздың зор сеніміне ие болдыңыз. Бұл сенім мандаты мемлекетті дамытуға бағытталған Сіздің бастамаларыңызды жүзеге асыруға жаңа мүмкіндіктер береді. Елдеріміз арасындағы дәстүрлі достыққа, тату көршілік қарым-қатынасқа және өзара құрметке негізделген стратегиялық серіктестік пен одақтастық табысты дамып келеді. Ынтымақтастығымызды одан әрі бірге ілгерілете береміз»,– деп жазылған жеделхатта.