Ресей тұрғыны Германиядан Қазақстанға экстрадицияланды

0
499

Ресей азаматы неміс ет өңдеу жабдықтарын жеткізіп береміз деген желеумен Ақмола облысынан келген кәсіпкердің 170 мың еуро (84,4 миллион теңге) қаражатын алаяқтық жолмен алды деген күдікке ілінді.


Ресей тұрғыны Германиядан Қазақстанға экстрадицияланды

ERNUR.KZ. Алаяқтық жасады деген күдікті Ресей азаматы Германиядан Қазақстанға экстрадицияланды, деп жазады Tengrinews.kz.

"Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен Ішкі істер министрлігі қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген Ресей азаматы Шубин Сергей Валерьевичті Германиядан экстрадициялады", - делінген хабарламада.

Ресей азаматы неміс ет өңдеу жабдықтарын жеткізіп береміз деген желеумен Ақмола облысынан келген кәсіпкердің 170 мың еуро (84,4 миллион теңге) қаражатын алаяқтық жолмен алды деген күдікке ілінді.

Қазақстан мен Германия арасында іздеуде жүрген адамдарды экстрадициялау туралы келісімді Бас прокуратура халықаралық құқықта қолданылатын өзара түсіністік қағидаты негізінде жасағаны айтылды.

Қазіргі уақытта Шубин Нұр-Сұлтандағы уақытша ұстау изоляторына қамалған.