Ресейде доңыз себеп болған жол апатынан қазақстандық мерт болды

0
1 010

Көліктің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.


Ресейде доңыз себеп болған жол апатынан қазақстандық мерт болды

ERNUR.KZ. Жол апаты 16 қаңтарда сағат 17.50 уақытында Волгоград өңіріндегі Светлоярск ауданы маңында тіркелді, деп жазады zakon.kz.

30 жастағы Қазақстан азаматы Волгоград-Элиста тас жолымен Hyundai Sonata көлігімен қалаға қарай бет алып бара жатқан. Жолдың 67-шақырымында жолға аяқ-астынан атып шыққан доңызды көлік қаққан.

Алған ауыр соққыдан көлік жолдың қарсы бетіне ұшып кетіп, КамАЗ-бен соқтығысқан.

Апат салдарынан шетелдік көліктің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.

Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметі көлік жүргізушісінің өлімін тіркеген.