​Ресейде Жеңіс күніне дайындық басталып шеруге 130 әскери техника жұмылдырылып жатыр

0
1 634

Қазірдің өзінде туристер мен жергілікті тұрғындар Тверск көшесінің бойында тізіліп тұрған әскери техниканы тамашалай алады.


​Ресейде Жеңіс күніне дайындық басталып шеруге 130 әскери техника жұмылдырылып жатыр

ERNUR.KZ. Мәскеуде Ұлы Жеңістің 74 жылдығына орай қызу дайындық жүріп жатыр, деп жазады 24.kz.

Шаһардың орталығындағы Қызыл алаңда әскери танктер, зымыран ұшыратын құрылғылар мен қаруланған әскерлердің салтанатты шеруі өтпек. Қазірдің өзінде туристер мен жергілікті тұрғындар Тверск көшесінің бойында тізіліп тұрған әскери техниканы тамашалай алады. Шеруге 130 әскери техника мен 13 мың жасақ, сонымен қатар 74 ұшақ пен тікұшақ қатысатын болады.