Ресейден 385 мың тонна дизель импортталады

0
492

Бауыржан Сәлімгереев бүгінде дизелді импорттау бойынша қос ел арасында ешқандай шектеу жоғын атап өтті.


Ресейден 385 мың тонна дизель импортталады

ERNUR.KZ. Жыл соңына дейін Қазақстан Ресейден 385 мың тонна дизелді импорттайды. Бұл туралы Мұнайды тасымалдау және өңдеу департаментінің директоры Бауыржан Сәлімгереев айтты, деп жазады inbusiness.kz.

«2021 жылға арналған индикативті теңгерімге сәйкес, Ресейден Қазақстанға импорталатын дизель көлемі – 530 мың тонна. 8 айда нақты 145 мың тонна дизель импортталды. Сондықтан жыл соңына дейін 385 мың тонна отынды импорттауға мүмкіндік бар», - деді директор ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ Бауыржан Сәлімгереев бүгінде дизелді импорттау бойынша қос ел арасында ешқандай шектеу жоғын атап өтті.