Ресейден қашқан қылмыскер Ақмола облысында ұсталды

0
873

2019 жылдың 15-17 қазан аралығында облыс аумағында «Қаңғыбас» жедел алдын алу шарасы өткен.


Ресейден қашқан қылмыскер Ақмола облысында ұсталды

ERNUR.KZ. Ресей іздеу жариялаған қылмыскер Ақмола облысында ұсталды, деп жазады ҚазАқпарат.

Ведомствоның мәліметінше, 2019 жылдың 15-17 қазан аралығында облыс аумағында «Қаңғыбас» жедел алдын алу шарасы өткен.

«Шара барысында Атбасар ауданы аумағында криминалды полиция бөлімшесінің қызметкерлері 41 жастағы қылмыскерді ұстады. Оған Ресейдің Мәскеу облысының Ішкі істер бас басқармасы мемлекетаралық іздеу жариялаған. Осыған байланысты ресейлік әріптестерге хабарландыру жолданды», - дейді ПД баспасөз қызметіндегілер.

Ведомстводан атап өткендей, шара барысында көпқабатты тұрғын үйлердің 254 жертөлесі, 316 кәріз құдығы, 183 иесіз ғимарат, 292 үй шатыры, вокзал аумағы, қалалық базар мен сауда орындары тексерілді. Акцияның алғашқы екі күні полиция бөліміне 443 қаңғыбас жеткізіліп, фото және дактолоскопиялық есепке алынды.

Сонымен қатар, із-түзсіз жоғалған 7 адамның жүрген жері анықталып, қаңғыбастар тарапынан жасалған бірқатар ұсақ қылмыстың беті ашылды.