Ресейден келген қара түтін жеті облысты жайлады

0
1 214

Ресей билігі орман өртін сөндірудің экономикалық тұрғыдан тиімсіз әрі техникалық жағынан күрделі екенін алға тартқан.


Ресейден келген қара түтін жеті облысты жайлады

ERNUR.KZ. Сібірдегі орман өрті өшер емес. Қайта жалын шарпыған аумақтар ұлғайып барады. Алапат өрттің түтіні еліміздің Солтүстік және Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Алматы облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласына дейін жетті, деп жазады zakon.kz.

Салдарынан ауа айтарлықтай ластанған. Аталған өңірлерде оңтүстік-шығыс бағыттан секундына 6 метрге жететін баяу жел соғып тұр. Ресейдің Якутия, Краснояр өлкесі және Иркутск облысындағы үш миллион гектар жерді өрт шалғанын хабарлаған. Жалынның бағыты енді елді-мекендерге қарай ауысып жатыр екен. Сібірдің барлық аумағын бір аптадан бері қою түтін басқан.

Ресей билігі өрттен ешқандай қауіп жоқтығын айтып, орман өртін сөндірудің экономикалық тұрғыдан тиімсіз әрі техникалық жағынан күрделі екенін алға тартып отыр.