Ресейге 92 дана пышақ алып өтпек болған өзбекстандық ұсталды

0
1 855

Ведомство мәліметінше, ұсталғандар құқық қорғау органдарына тапсырылды.


Ресейге 92 дана пышақ алып өтпек болған өзбекстандық ұсталды

ERNUR.KZ. Шекарадан Ресейге 92 дана пышақ алып өтпек болған өзбекстандық 28 жастағы ер адам ұсталды, деп жазады тengrinews.kz.

Шекара қызметіндегілердің мәліметінше, ер адам Ақтөбе шекара жасағының "Жайсаң авто" бөлімшесінде ұсталған. Пышақтардың жалпы құны 250 000 теңге деп есептеліпті. Сондай-ақ, өткен тәуліктерде "Астана" шекаралық бақылау бөлімінің шекара жасағының Nursultan Nazarbayev халықаралық әуежайында, Сарыағаштық шекарашылар "Қапланбек", "Жібек жолы" өткізу пункттерінде құжаттарына қазақстандық миграциялық полицияның мөрін қолдан жасап қойып алған Тәжікстанның бір азаматы мен Өзбекстанның 7 азаматын, Lexus RX 200 автокөлігінің қолдан жасалған тіркеу куәлігімен Өзбекстанға қарай өтпек болған Тәжікcтанның 24 жастағы тұрғынын ұстағаны айтылады. Ведомство мәліметінше, ұсталғандар құқық қорғау органдарына тапсырылды.