Республика көлемінде «Менің кәсібім» жобасы өз жұмысын бастады

0
1 417

Жоба үйлестірушілері Алматы қаласының барлық аудандарын аралап, алдымен көпбалалы, тұрмысы төмен немесе мүгедек баланы асырап отырған отбасыларды аралап шығып, қандай кәсіпке бейімі барын байқап шығыпты.


Республика көлемінде «Менің кәсібім» жобасы өз жұмысын бастады

ERNUR.KZ. Мемлекеттен қолдау тапқан бұл шара арқылы үйде отырып, кәсіппен айналысып, балаларын да асырап, өзін бір іспен шұғылдануына мүмкіндік беретін аналарға арналған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жоба үйлестірушілері Алматы қаласының барлық аудандарын аралап, алдымен көпбалалы, тұрмысы төмен немесе мүгедек баланы асырап отырған отбасыларды аралап шығып, қандай кәсіпке бейімі барын байқап шығыпты. Бастысы, ешқандай құжатсыз келесі күні-ақ қажетті керек-жарақтарын үйлеріне апарып берді.

«Киім, көрпе тігемін. Сөйтіп өз кәсібімді дөңгелетемін. Үйде балаларымның қасында отырып істеймін, себебі оларды тастап кете алмаймын. Жолдасым жалғыз өзі жұмыс істейді. Соған бір жағынан көмектескім», – дейді көпбалалы ана Қазына Рахматуллаева.

«Біздер халыққа сенім артып үйренуіміз керек. Ол кісілердің тіршілік істей алатыны көздерінен-ақ көрініп тұр. Кезінде оқуды оқығанын, курстарға барған, бірақ ары қарай оқығанын-шоқығанын практика жүзінде жүргізіп, ақшасын табу үшін осы заттар жетпей тұрды. Сондықтан мемлекет халыққа сенеді. Ойлаймын олар сенімді ақтайды дегенге», – дейді «Менің Кәсібім» жобасының авторы Айжани Нұрланова.