Режиссер Талғат Теменов мемлекетаралық сыйлыққа ие болды

0
633

​"Достастық жұлдыздары" ғылым және білім, мәдениет және өнер, гуманитарлық қызмет саласындағы жетістіктер үшін беріледі.


Режиссер Талғат Теменов мемлекетаралық сыйлыққа ие болды

ERNUR.KZ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының көркем жетекшісі, кино және театр режиссёрі Талғат Теменов "Достастық жұлдыздары" мемлекетаралық сыйлығының лауреаты атанды, деп жазады sputniknews.kz.

"Бұл сыйлық ТМД кеңістігінде мәдениет және мәдени мұра саласындағы ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететін шығармашылық жұмыстар мен туындылар арқылы мәдениет пен өнерге қосқан зор үлес үшін ұсынылады. Талғат Досымғалиұлын осы сүбелі жетістігімен шын жүректен құттықтаймын және барша бастамаларына сәттілік тілеймін!", - деп құттықтады мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова.

Теменов бұл жаңалықты естігенде Мәскеу қаласында болған.

"Әрине, қатты толқыдым. Қазақ киносы мен ұлттық театр өнері шетелде жоғары бағаға ие болғаны қуантады. Бұл менің ғана қуанышым емес, барша Қазақстанның жетістігі", - деді режиссер.

Бұл сыйлықты ТМД елдерінің гуманитарлық ынтымақтастық кеңесі және мемлекетаралық қоры тағайындаған. "Достастық жұлдыздары" ғылым және білім, мәдениет және өнер, гуманитарлық қызмет саласындағы жетістіктер үшін беріледі.