Риддердегі жылу электр станциясында өрт болды (видео)

0
441

ШҚО әкімдігі оқиға туралы түсініктеме берді.


Риддердегі жылу электр станциясында өрт болды (видео)

ERNUR.KZ. 19 қаңтарда әлеуметтік желілерде Шығыс Қазақстандағы Риддер қаласында ЖЭО өртінің видеосы пайда болды, деп жазады stan.kz.

Бейне Instagram парақтарының бірінде жарияланған.

"Жанармай беру цехында өрт болды. Қазіргі уақытта жалын сөндірілді, зардап шеккендер жоқ", – делінген видеоның жазбасында.

Хабарламада уақытша жылу беру тоқтатылатыны айтылған.

ШҚО әкімдігі оқиға туралы түсініктеме берді. Өңір әкімі Даниал Ахметов Риддерге барған.

Осыған дейін Риддер жылу электр орталығындағы багер станциясында апат болғаны хабарланды. Қаладағы үйлер суығанын айтып, халық шағымданған еді.