Робот-қыз София Астанаға ғашық болғанын айтты

0
2 709

Робот-қыз София адамға тән 60 эмоцияны жасай алады. ​


Робот-қыз София Астанаға ғашық болғанын айтты

ERNUR.KZ. Астанада өтіп жатқан Жібек елдері қалаларының мэрлер форумына 2 мың делегатпен қатар гиноид София да келді, деп хабарлайды ERNUR. KZ 24.kz. сайтына сілтеме жасап.

Адам тәрізді робот София сөйлеген сөзінде Астананың құрылысына тоқталып, әсем ғимараттарына ғашық болғанын айтты. Оның айтуынша, Астана қарқынды даму үстінде және онда 21-ғасырдың озық технологиялары шоғырланған.

Айта кетерлігі, fishki.net сайтынан алынған деректер бойынша, аталмыш робот София өткен жылы Сауд Арабиясының азаматтығын алған. Бұл тарихта алғаш рет болып отырған оқиға. Дегенмен шариғат заңымен өмір сүретін елде оған қарсы шығатындар да көптеп табылып жатқан көрінеді. Сауд Арабиясындағы шариғат бойынша жансыз заттарға жан бітіруге және оған адамның киімін кигізуге тыйым салынған. Сонымен қатар бұл елде халықтың үштен бірін құрап отырған шетелдік жұмысшыларға азаматтық алуға болмайды.

Робот-қыз София адамға тән 60 эмоцияны жасай алады.