Роман Склярдың талабымен «Павлодарэнерго» АҚ бас директоры жұмысынан босатылды

0
616

Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Вадим Лесинге бүгін «Павлодарэнерго» АҚ акционерлерінен оны атқаратын қызметінен босатуды талап ететінін жеткізді.


Роман Склярдың талабымен «Павлодарэнерго» АҚ бас директоры жұмысынан босатылды

ERNUR.KZ. Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Екібастұзға жұмыс сапарымен келді, деп жазады inform.kz.

Сапар барысында Роман Скляр «Павлодарэнерго» АҚ бас директоры Вадим Лесиннің жұмысын қатаң сынға алды.

Бірінші кезекте Үкімет төрағасының бірінші орынбасары соңғы үйлерді және жалпы қаланы жылумен жабдықтауды реттеу мәселесі қалай шешілетінін сұрады. Алайда «Павлодарэнерго» АҚ бас директоры Вадим Лесиннің жауабы Р. Склярдың көңілінен шықпады.

«Сіздің параметрлеріңіз адамдарға ештеңе айтпайды, тұрғындар үшін ең бастысы пәтерлерде жылы болуы керек. 65-66 градус температурада және дұрыс гидравликалық режимде пәтерлерде қалыпты температураға қол жеткізуге болады. Бұл айтып отырғаныңыз түкке жарамайды. Сіз тіпті, менің тапсырмаларымды орындамақ түгілі ештеңе түсіндіре алмайсыз», – деді Роман Скляр.

Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Вадим Лесинге бүгін «Павлодарэнерго» АҚ акционерлерінен оны атқаратын қызметінен босатуды талап ететінін жеткізді. Біраз уақыттан кейін Роман Скляр «ОАЭК» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі Сергей Канмен телефон арқылы сөйлескен кезінде бұл мәселе түпкілікті шешілді.

Айта кетейік, Роман Скляр Екібастұзға жұмыс сапары аясында қаланың әлеуметтік нысандарына барып, бірқатар кездесулер өткізеді.

Еске салайық, Вадим Лесин бірер күн бұрын өткен баспасөз мәслихатында Екібастұз қаласын жылумен тұрақты қамту проблемасы жылыту маусымы аяқталғанға дейін шешімін таппауы мүмкін екенін айтқан болатын.

Қазір қаладағы ЖЭО-да небәрі төрт қазандық жұмыс істейді, алтауы жөндеуде. Температураның шығатын параметрі – 60 градус, кері айналымда - 44. Екібастұз тұрғындарына жылу ақысына 70 пайыз жеңілдік жасалды.

Қалада былтырғы жылдың 27 қарашасында болған апат салдарын жою жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. 28 қараша күні таңертең қалада жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды.

Бас прокуратура Екібастұздағы апатты тергеу екі айға дейін созылатынын мәлім етті.

Сонымен қатар, Үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысқан Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Екібастұз тұрғындарына жылу желісіндегі апаттың шығындарын мемлекет пен ЖЭО иесі бөліп төлесін деп тапсырма берді.