Рудныйда тағы құбыр жарылды – 80 үй жылусыз қалды

0
447

83 үй, соның ішінде 24 көпқабатты тұрғын үй мен 59 жеке меншік үй жылусыз қалған.


Рудныйда тағы құбыр жарылды – 80 үй жылусыз қалды

ERNUR.KZ. Рудный қаласында тағы коммуналдық апат болды. Бұл жолы 83 үй жылусыз қалды, деп жазады sputnik.kz.

Жергілікті билік құбырдың жарылғанын растады. Ресми мәліметке сәйкес, таңғы сағат 8:30-да Горняков көшесіндегі жылу трассасын жауып тастаған. Осыған байланысты Джержинский көшесінен бастап Ленинге дейінгі аралықта жылу жоқ. 83 үй, соның ішінде 24 көпқабатты тұрғын үй мен 59 жеке меншік үй жылусыз қалды.

Айта кетері, жылу маусымы басталғалы бері Рудный қаласында бірнеше апат болды. Атап айтқанда, 30 қарашада Гагарин көшесінде 33 көпқабатты үй жылусыз қалса, 10 желтоқсанда Дзержинский мен Горькийдің қиылысында, ал 19 қаңтарда Горняковта құбыр жарылды.
21 қаңтарда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына жұмыс сапары кезінде Рудныйға арнайы барып, құбыр жарылған жерді көріп қайтты.