"Сабақтағы елестер": Атырау облысы әкімдігі оқушылардың видеосына қатысты пікір білдірді

0
743

Видео Instagram желісіндегі парақшаларда пайда болды.


ERNUR.KZ. Атырау облысы әкімдігінің өкілдері "сабақтағы елестер" туралы видеоға пікір білдірді, деп жазады Tengrinews.kz.

Видео Instagram желісіндегі парақшаларда пайда болды. Кадрларға қарағанда, онлайн сабақтардың бірінде балалар елес болып, флешмоб ұйымдастырған. Олар ақ киім киіп, қара көзілдірік таққан. Видео Instagram желісіндегі парақшаларда пайда болды.

Осыған байланысты Атырау облысының білім басқармасы тексеру жүргізген.

"Тексеру нәтижесінде бұл видеоның біздің өңірге ешқандай қатысы жоқ екені анықталды", - деп мәлімдеді облыстық білім басқармасының басшысы Сәтқан Есенғалиев.