Сәби сүйгісі келетін аналарға 900 квота бөлінді

0
2 033

Біздің елімізге бедеулікті емдеу үшін 51 елден, атап айтқанда АҚШ, Австралия, Сингапурдан келушілер бар.


Сәби сүйгісі келетін аналарға 900 квота бөлінді

иллюстрациялық фото: ашықдереккөзден

ERNUR.KZ. Бедеулік мәселесі Қазақстанда 90-жылдардың соңынан бастап көтеріліп келеді. Үкімет алғаш рет 2010 жылы жүз квота бөлді. Осы кезде мемлекеттік екі клиникада жасанды ұрықтандыру әдісі жасалған. Бір жылдан соң квотаның саны алты есеге өсті. Қазіргі таңда бала сүйгісі келетін аналарға мемлекет қаражатынан жылына 900 квота бөлініп отыр, деп жазады 24.kz.

Еліміздің бес емханасында ол тегін жасалады. Мемлекеттік қолдаудың арқасында сегіз жылда 6 мың әйел репродуктвті медицина көмегіне жүгінген. Нәтижесінде екі мыңнан аса бала дүниеге келді. Бұл сұраныстың тек 10-12 пайызы ғана. Дегенмен, құны 1 миллион теңге тұратын бағдарлама көпшілікке әлі де қолжетімсіз.

Вячеслав Локшин, қазақстандық репродуктивті медицина қауымдастығының президенті: - Еуропа қауымдастығының мәліметі бойынша, 1 миллион тұрғынға шаққанда бір жарымға жуық квота бөліну керек. Яғни, Қазақстанда жылына 20 000-нан астам квотаны жүзеге асыруымыз керек. Ал мемлекет тек 900-не ғана қаржы бөліп отыр. Бүгінде кем дегенде бұл көрсеткішті үш немесе бес есеге арттыру керек деп санаймын.

Қазақстандағы репродуктивтік технологиялардың даму деңгейі Еуропа, АҚШ пен Оңтүстік-Шығыс Азия секілді дамыған елдерінен кем емес. Сонымен қатар соңғы 22 жылда біздің елімізге бедеулікті емдеу үшін 51 елден, атап айтқанда АҚШ, Австралия, Сингапурдан келушілер бар.

Равиль Валиев, жоғарғы санаттағы гинеколог-репродуктолог: - Бізге Қырғызстан, Өзбекстан мемлекеттерінен жұптар көп келеді. Өйткені, адам репродукциясы Ресейден басқа көрші елдерде кеңінен дамымаған.

Қазақстандағы озық технологиялар мен білікті мамандардың тәжірибесі медициналық туризмнің дамуына да ықпал етуде. Оған біріншіден, басқа елдермен салстырғанда бағаның қолжетімдігі және Қазақстандағы рұқсат етілген көптеген бағдарламалар – суррогат ана, эмбрионды сақтау, эмбриондарды көптеп алу себеп болып отыр.