Сәбиге жасалған "экстремалды" массаж түріне сарапшы пікір білдірді (видео)

0
600

Шектен тыс жасалған массаж бала өміріне қауіпті


Сәбиге жасалған

ERNUR.KZ. Жақында жаңа туған сәбиге "экстремалды массаж" жасаған видео Желіде тарап кеткен еді. Видеода нәрестенің қол-аяғы мен мойнын созып, тартып жатты. Қазақстандықтардың ойы екіге бөлінді, алайда көбі жаңа туған нәресте үшін мұндай массаж түрі қауіпті екенін айта отырды, деп жазады Tengrinews.

Осы орайда 26 жыл тәжірибесі бар маманнан балаға дәл солай массаж жасау дұрыс па әлде бұрыс па деген сұрақ қойып көрген еді. Бөгенбай Айтенов бұл видеоны көрген кезде наразылық тудырды. Ол балаға жасалған бұл массаж түрін қорлау деп мәлімдеді.

"Бұл дені сау адамның қылығы емес. Мен бұл жерден массажды көріп тұрғаным жоқ", - деді Астана медицина университетінің спорттық медицина курстарымен профилактикалық медицина және тамақтану кафедрасының ассистенті.

Сарапшының бағалауынша, сәби сегіз-тоғыз ай аралығында екен. Ал бұл кезеңде балаларға жай жеңіл массаж жасауы керегін ескертті. "Видеода сәбидің иығы мен мойын аймағын бұрап жатыр. Нәтижесінде баланың қолы шығып, сіңірі созылып кетуі мүмкін. Қазір ол байқалмайды, алайда өсе келе баланың мазасы қашатын болады", - деп налыды массаж жасаушы.

Бала туыла салып, қолы мен аяғын қимылдату қиынға соғатындықтан, нәресте тезірек адаптация жасауы үшін жеңіл ғана, жоғарыдан төменге қарай жәймен сипап өту керек екен. "Бірақ барлығы балаға байланысты, оның қаншалықты қиын жағдайда екенін анықтап қана белгілі бір массаж түрін қолданамыз. Алайда, мына бейнеде көрсеткеніңіз сұмдық. Иә, бала туғанда оның мойны мен арқасы қисық болып туылуы әбден мүмкін. Осының барлығын ескере отырып, сәбиге бір ай ішінде арнайы массаж жасап, проблемалық зонасын қалпына келтіруге көмектесеміз", - деді Бөгенбай Айтенов.

Сондай-ақ, сарапшының айтуынша, балаға массажды тек екі айға толғаннан кейін жасаған абзал. Бастапқы кездері жасалатын массаж баланың тырысып қалған бұлшық еттерін жұмсартуға бағытталған. Массажды 10 минуттан артық жасауға болмайды. Массаж емдік, профилактикалық, коррекциялық болып бөлінеді екен. Баланы сипап, бұлшық еттерін созып, денесін қыздырып қоюға болады. Мұндай әдіс баланың метоболизмін жақсартуға септігін тигізеді. Ал вибрацияны саусақтармен немесе алақанмен жасауға болады. Тек қимыл тез, бірақ баланың денесін ауыртпайтындай жасалуы керек.

Бөгенбай Айтеновтің айтуынша, массаж баланың денсаулығын мықты етудің бірден бір кепілі дұрыс жасалған массаж. Ол нәрестенің қан айналым жүйесі мен бұлшық етін қатайтатынын атап өтті. Алайда, дұрыс емес немесе шектен тыс жасалған массаж баланың өміріне қауіп тигізетінін ұмытпау керек.



Айтар жаңалығыңыз, бөлісер оқиғаңыз болса, +77752327733 whatsapp нөміріне жіберіңіз

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет