Сабина Алтынбекова жылдың ең әдемі адамдары рейтингіне енуі мүмкін

0
443

​Алтынбековадан басқа әлемнің ең әдемі адамдары атағына үміткерлер арасында тағы бір қазақстандық бар.


Сабина Алтынбекова жылдың ең әдемі адамдары рейтингіне енуі мүмкін

ERNUR.KZ. Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова мен Ninety One тобының әншісі Азамат Ашмақын жылдың ең әдемі 100 адамы рейтингіне үміткер болды, деп жазады sputnik.kz.

Сабина Алтынбековамен бірге бұл тізімде Эмма Уотсон мен Скарлетт Йоханссон бар.


Азамат Ашмақынның қарсыласы Maneskin музыкалық тобынан Дамиано Давид (Евровидение жеңімпаздары) және теннисші Стефанос Циципас болады.



Рейтингті 1990 жылдан бастап жыл сайын TC Candler басылымы жасап келеді.

Еске салсақ, жуырда Сабина Алтынбекова тұрмысқа шықты. Волейболшы қыз қайырымдылық үшін ұлан-асыр той жасаудан бас тартты.