Сағадиев мектептерді компьютермен жабдықтауды жергілікті биліктен сұрады

0
1 242

Бүгінгі өткен Үкімет сағатында БжҒ министрі Ерлан Сағадиев қазақстандық мектептердегі интернеттің сапасы көңіл көншітпейтінін айтты, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Еліміздегі мектептердің 97%-ы интернетке қосылғанымен олардың сапасы нашар. Тек 62 пайыз мектепте ғана интернет жылдамдығы 4 Мбит/сек. 2,5 мың білім беру мекемесінде ғана Wi-Fi бар. Қала берді, білім беру нысандарын компьютермен жабдықтау және цифрлық техниканың сапасы да көп жерде сын көтермейді.

Сағадиев келтірген цифрға сенсек, мектептерде орта есеппен 11 оқушыға 1 компьютерден келеді екен. Бұл Қазақстанның барлық өңірлеріне тән мәселе екенін айтқан министр Бақытжан Сағынтаевқа жергілікті билікке мектептерді кең жолақты интернетке қосуды және оқу ошақтарын жаңа компьютермен жарақтауға тапсырма беруін сұрады.