Сағынтаев: Алматы «шеті жоқ қала» принципімен дамитын болады

0
1 028

Мегаполис үшін автобус желілерін дамыту мәселесі өзекті болуда.


Сағынтаев: Алматы «шеті жоқ қала» принципімен дамитын болады

ERNUR.KZ. Алматы әкімі аудандардың әлеуметтік-экономикалық даму жағдайларымен таныса келіп, Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес қалалардың «шеті жоқ қала» принципі бойынша дамитынын атап өтті, деп жазады baq.kz.

Алатау ауданына жұмыс сапарымен барған Бақытжан Сағынтаев көлік инфрақұрылымын, тұрғын үй салудың қарқынымен, энергетикалық кешендерді модернизациялау барысымен танысты. Сондай-ақ, өртке қарсы қызметті дамыту, балалардың ойын алаңдарының, әсіресе батуттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.

Мегаполис үшін автобус желілерін дамыту мәселесі өзекті болуда. Оны дұрыс шешу үшін 200 автобусқа арналған №3 автопарк және жеке тасымалдаушының 130 автобустық базасы салынуда. Кәсіпорын басшыларымен бағыттарды субсидиялау, жылжымалы составты жаңарту және жүргізушілер мен басқа мамандық иелерін дайындау мәселелері талқыланды.

«Автобустар жаңаруда, қалалықтардың сапалы қызметке деген сұранысы артуда, демек тасымалдаушылар персоналының біліктілігі жоғары болуы тиіс. Колледждермен бірге жұмыс істеп, жүргізушілердің, механиктердің, электриктердің, және басқа да мамандық иелерінің жетіспеушілігін шешуге болады», - деді Бақытжан Сағынтаев.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша әлеуметтік жағынан аз қамтылған топты тұрғын үймен қамтамасыз ету және инфрақұрылымды дамыту мәселелері шешімін табуда. Сағынтаев Алатау ауданы Алғабас мөлтек елді мекеніндегі тұрғын үй құрылысының барысымен танысты, мұнда 8,3 га учаскеге 23 үй салынуда.

Қала әкімі мөлтек аудандарды орталықтандыру принципі бойынша дамыту әрі қажет барлық әлеуметтік инфрақұрылымдардың жақын орналасуы тиіс екендігін атап көрсетті.

«Мұнда сквер, емхана, тіпті дүкен қарастырылмаған. Сондықтан Жайлы қалалық орта басқармасына кейінгі жобалардың бірінші қабаттарына әлеуметтік нысандардың орналасуын қарастыруды тапсырамын», - деді Бақытжан Сағынтаев.

ЖЭО-2 болған кезінде қала басшысына ауаның залалдануын азайтуға қатысты жүргізіліп жатқан шаралар туралы баяндалды. Бақытжан Сағынтаев тиісті қызметтерге барлық нұсқаларды саралап, қысқа мерзім ішінде нақтылы ұсыныстар беруді тапсырды.