Сағынтаев Алматыдағы даулы тұрғын үй құрылысына тыйым салды

0
411

Жоба қайта қаралады.


Сағынтаев Алматыдағы даулы тұрғын үй құрылысына тыйым салды

ERNUR.KZ. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Nur Otan партиясына жүгінген қала тұрғындарын қабылдады, деп жазады Tengrinews.kz.

Әкім Abay 130 тұрғын үй кешені құрылысына тыйым салуды тапсырды. Тұрғындар Алматы әкімінен тұрғын үй кешенінің іргесінен жаңадан салынып жатқан 12 қабатты үйдің құрылысын тоқтатуды сұрады. Сағынтаев бұған дейін жұмыс сапары кезінде осы жағдаймен танысып, қала тұрғындарын қолдайтынын айтты. Алматы әкімі тұрғын үй құрылысына тыйым салуды тапсырды. Жоба қайта қаралады.

Сондай-ақ, әкім Алатау ауданының Шаңырақ-2 шағын ауданы тұрғындарының өтініштерін қарады. Ол КСС (кәріздік сорғы станциясы. - ескерт.) құрылысы бойынша жұмысты бұрын салынған су бұру желілерін қосу үшін бақылауды тапсырды. Аудан әкіміне "Сергек" АӨК бақылау камераларын орнату бойынша ұсыныстар енгізу тапсырылды.

Медеу ауданы Көктем көшесі тұрғындарының өтінішіне жауап бере отырып, Сағынтаев иесіз электр желілерін РЭҚ-5 теңгеріміне беру процесін жеделдетуді тапсырды.

Нұр-Алатау шағын ауданы тұрғындарының өтініші бойынша қалалық мобильділік басқармасына қалалық ПД-мен бірлесіп, жол қозғалысын қайта ұйымдастыру мәселесін зерделеу және жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.

Барлық сұрақ бойынша жергілікті мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар мен қолданыстағы заңнама шеңберінде түсінік берілді.