Сағынтаев алматылықтарды мазалаған мәселенің қалай шешілетінін айтты

0
745

"Алматы" 2-ші газ тарату станциясының қуаты қаладан тыс жерге шығарылады.


Сағынтаев алматылықтарды мазалаған мәселенің қалай шешілетінін айтты

ERNUR.KZ. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қалада газ иісінің қалай жойылатынын айтты. Ол бірқатар жерді аралап, жергілікті тұрғындармен сөйлесті, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Сағынтаев тұрғындардың "Алматы" 2-ші газ тарату станциясынан шығатын газ иісіне шағымданатынын айтты. "ҚазТрансГаз Аймақ" компаниясы сыйымдылықтарды одорантпен (газға арнайы иіс беру үшін қосылатын зат) толтыру кезінде төгілетін газды тазалауға арналған қосымша сүзгілер орнатқан.


"ГТС-2 қуатын Алматы қаласынан тыс жерге шығару" жобасы аясында "ҚазТрансГаз" АҚ-мен "Қайрат" стансасында жалғастырушы газ құбырын салу мәселесі пысықталуда. Осылайша ГТС-2 газ тарату пунктіне ауыстырылады. Бұл ретте одоризация жүйесі қаладан тыс жерге шығарылады", - деп жазды қала әкімі өзінің Instagram парақшасында.

Сондай-ақ, Сағынтаев Баум бағын абаттандыру қажет екенін атап өтті. Бірегей саябақ аймағының экологиялық балансын бұзбайтын табиғи материалдарды пайдалануды ескеруді тапсырды.

Әкім Үлкен Алматы каналына су жіберу мәселесін де қозғады. Ол жерде жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ, әкім тұрғындардың өтініші бойынша "Дорожник" ықшамауданындағы Есентай өзенінің бойында саябақ аймағын құру мүмкіндігін қарастыруға уәде берді.