Сағынтаев министрге ақыл айтпас бұрын адам өзіне қарап алу керектігін айтты

0
2 050

Ұлттық экономика министрінің жұмысы сынға ұшырады


Сағынтаев министрге ақыл айтпас бұрын адам өзіне қарап алу керектігін айтты

фото:ҚазАқпарат.

ERNUR.KZ. Бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Премьер Министрі Бақытжан Сағынтаев Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтің жұмысын сынға алды, деп жазады ҚазАқпарат.

Үкімет басшысы министр келтірген өңірлер бойынша көрсеткішке көңілі толмайтынын жеткізді.

«Толықтай алғанда өңірлердің көрсеткіштері қолайлы тенденцияны сақтап отыр дейсіз. Өндірісті қарайтын болсаңыз, республикалық деңгейден 11 өңір төмен тұр. Қайдан қолайлы болмақ? Ары қарай құрылысты қараңыз, негізгі капиталға салынған инвестицияны қараңыз. 4 өңір ғана республикалық деңгейден жоғары тұр. Бұл деген не? Егер негізгі капиталға инвестиция салынбайтын болса, онда өндірістің дамуы жоқ. Қалай сіз оны қолайлы деп айтасыз? Бірінші кезде өзіңізге қарауыңыз қажет. Содан кейін барып басқа жұртқа ақыл айтыңыз», - деді Бақытжан Сағынтаев Ұлттық экономика министріне қарата.