Сағынтаев қаза тапқан полиция қызметкерлерінің отбасына көңіл айтты

0
998

Қаза тапқан полициялардың бірінің артында екі, тағы бірінің артында бір кішкентай баласы қалды.


Сағынтаев қаза тапқан полиция қызметкерлерінің отбасына көңіл айтты

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев бүгін қызмет бабында қайтыс болған полиция қызметкерлерінің туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


"Блок-бекетте қызмет атқарып жүрген полиция қызметкерлері Жарас Жанғазиев пен Дастан Әбдіқановтың жол апаты оқиғасынан қаза болуына байланысты отбасылары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын", деп жазды Алматы қаласының әкімі Твиттерде.

Марқұм полиция қызметкерлерінің отбасына жан-жақты көмек көрсетілетіні де хабарланды.

Еске салайық, 1992 жылы туған А. есімді мас азамат «ВМW» №4 блокпосты бұзып өткен. Апат салдарынан полиция аға лейтенанты 1978 жылы туған Жалғас Жанғазиев оқиға орнында көз жұмды. Жол-көлік оқиғасында жарақат алған полиция сержанты Дастан Әбдіқановтың да кейіннен есін жинамаған күйі ауруханада қайтыс болғаны белгілі болды.

Қаза тапқан полициялардың бірінің артында екі, тағы бірінің артында бір кішкентай баласы қалды.
Бөлісу