Сағынтаев жаңадан салынатын карантин орталығының құрылысымен танысты

0
625

Орталық 280 адамға есептелген.


Сағынтаев жаңадан салынатын карантин орталығының құрылысымен танысты

ERNUR.KZ. Алматыда жаңадан карантин орталығы бой көтереді. Бұл госпиталь коронавирус індетін жұқтыруы ықтимал және науқас адамдармен байланыста болған жандарға арналады, дап жазды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Instagram парақшасында жариялаған.

«Тез салынатын модульды құрылыс жабдығынан бой көтеретін карантин орталығы 280 адамға есептелген. Соның ішінде 28-і қарқынды терапия бөлімшесіне арналады» - деп жазды ол.

Мұндай госпитальды салу туралы шешім вирус пандемиясына тап болған басқа елдердің тәжірибесі әрі мамандардың ұсынысы негізінде қабылданды.
«Бұл — індетті дер кезінде анықтап, оны оқшаулауға және індетті жұқтырушыны емдеуге мүмкіндік береді. Осылайша біз аурудың таралу қаупін айтарлықтай төмендетіп, қаладағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыра аламыз» - дейді Сағынтаев.